Атырау, 23 шілде 12:02
 дождьВ Атырау +33.4
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді

720 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мәселе ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.

«Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді», - делінген хабарламада. 

Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі. 

Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.


29 қараша 2023, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.