Атырау, 8 қыркүйек 04:41
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

«Қазпошта» филиалдарынан 270 млн теңге ұрланғаны анықталды

697 просмотра
Фото ашық дереккөзден

«Қазпошта» АҚ-ның өңірлердегі филиалдарында жүргізілген ішкі тергеу жұмыстарының нәтижесінде биыл 273 млн теңге жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Қазпошта» АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 млн теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.

Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау, күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

«Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді», — делінген хабарламада. 

«Қазпошта» АҚ ақпаратында ведомствоның орталық кеңсесінде және жергілікті жерлерде заң бұзушылық әрекеттермен күрес одан әрі жалғасатыны айтылған. Бұл бағытта мекеме басшылығы құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейді. 

29 қараша 2023, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.