Атырау, 27 шілде 05:52
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Қазақстанда міндетті дактилоскопияны алып тастау жоспарланып отыр

640 просмотра
фото: freepik.com

Қазақстанда міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізімен анықтау) енгізуді алып тастау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек. Бірақ енді оны алып тастау жоспарланып отыр. Бұл норма Мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік корпорациялардың мәселелері бойынша түзетулер жобасына енгізілген.

"Заң жобасының маңызды жаңалығы – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында міндетті түрде дактилоскопиялық тексеруді алып тастау. Қауіпсіздік мәселелері мен азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына қатысты көптеген өтініштерге, сарапшылардың пікірлеріне байланысты шешім қабылданды.

Саусақ іздері азаматтың өтініші бойынша қалады. Сонымен қатар, шетелдіктер үшін саусақ ізін алу міндетті болып қала береді", — деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.


29 қараша 2023, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.