Атырау, 27 қыркүйек 18:29
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Бүгін бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

410 просмотра
Сурет: azh.kz / Елена Сүндетова

 «Қазгидромет» РМК еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облысында көктайғақ болуы мүмкін.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аймағында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облысында тұман түседі.

Қостанай облысының батыс, солтүстік бөлігінде көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал.

29 қараша күні кешке Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады.

29 қараша 2023, 08:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.