Атырау, 27 шілде 05:03
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Астанада дәстүрлі емес медицина көмегіне жүгінген тұрғын көз жұмды

438 просмотра
фото: freepik.com

Елорда тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана прокуратурасы хабарлағандай, мемлекеттік айыптаушы абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

«Сотталған тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан. Ол ұйқысыздық шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекция салып, соның салдарынан науқастың халі күрт нашарлап кеткен. Біраз уақыттан науқас есін жимастан қайтыс болған», - делінген ведомство хабарламасында.

Сараптама қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.

Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды.

«Прокуратура азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады», - делінген хабарламада.

28 қараша 2023, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.