Атырау, 15 қаңтар 08:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Того президенті Астанаға ұшып келді

546 рет қаралды
Фото: republicoftogo.com

Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Астанаға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Того президентін Астана әуежайында Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қарсы алды.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын. Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

28 қараша 2023, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.