Атырау, 25 маусым 09:06
 дождьВ Атырау +21
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

712 рет қаралды
Сурет: azh.kz / Елена Сүндетова

«Қазгидромет» РМК бүгін, 28 қараша күні Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды, Атырау, Ұлытау облыстарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, түнде жел шығыстан 18 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан және Жетісу облыстарында көктайғақ болып, тұман түседі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облысында тұман түседі.

Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

28 қараша 2023, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.