Атырау, 27 қыркүйек 18:22
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

"Төрт ағайынды" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар қайтыс болды

650 просмотра

Ақтөбеде "Төрт ағайынды" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ізбасардың қайтыс болғаны туралы ақпаратты оның жақын досы Бауыржан Нұрмаханов растады. Сондай-ақ, ол туған-туыстары мен жақындары Еркін Ізбасарды жерлеуге дайындалып жатқанын атап өтті.

"Иә, бүгін таңертең. Қазір бәрімізге оңай емес. Еркін көптен бері ауырған болатын", - деді Бауыржан Нұрмаханов.

Еске салайық, 2018 жылдың тамызында Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Ол бірқатар айып, соның ішінде қылмыстық қоғамдастық ұйымдастырды деген айыппен сотталған.

27 қараша 2023, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.