Атырау, 27 қыркүйек 18:26
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Тоқаев Abu Dhabi Ports Group басқарушы директорын қабылдады

439 просмотра
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ақтау және Құрық порттарын дамытуды Қазақстан стратегиялық мақсат етіп отырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Жуму әл-Шамиси Abu Dhabi Ports Group компаниясының көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен ADP арасындағы ынтымақтастықты оң бағалады.

Президент Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен байланыстыратын "Солтүстік – Оңтүстік" бағдарының әлеуетін пайдалану жоспары туралы айтты. Оның пікірінше, 2027 жылға қарай аталған бағыттың жүк өткізу қабілеті кемінде 70 пайызға артып, 9 миллион тоннадан 15 миллион тоннаға дейін ұлғаюға тиіс.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" мен ADP арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп, бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.


27 қараша 2023, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.