Атырау, 30 наурыз 20:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

"Қазақмыс" кенішінде жұмысшылар қаза тапты

654 рет қаралды

Жамбыл облысындағы "Қазақмыс" компаниясының "Жайсан" кенішінде 27 қарашада қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау тресінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері жарақат алып, көз жұмды.

"Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. "Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

27 қараша 2023, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.