Атырау, 27 қыркүйек 18:18
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының саны 90%-ды құрады

595 просмотра
Фото: freepik.com

2023 жылғы 1 қарашадағы деректерге сәйкес, республика бойынша еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі тіркелген еңбек шарттарының саны 4 млн 370 мыңды немесе 90%-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кетейік, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қарапайым еңбек шарттарынан ғана емес, оларды жасау үшін қажетті басқа да қағаз құжаттардан бас тартуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, жұмыскерлер үшін электрондық еңбек шарттары жүйесін қолдану жұмысқа орналасу процесінің барлық кезеңдерін жеңілдетуге септігін тигізеді, соның ішінде құжаттарды жинау қажеттілігі алып тасталады.

"Жұмыс беруші үшін кадрлық іс жүргізу, оның ішінде жұмыскерлерді жалдау және ауыстыру оңтайландырылады. Кандидаттың электрондық жеке ісіне қол жеткізудің арқасында ол жеке куәлік, білімі туралы диплом, еңбек қызметі, жұмыс өтілі және қызметкердің біліктілігі бойынша сенімді деректерді ала алады. Тиісінше, қызметкерлерді іріктеу неғұрлым сапалы деңгейде жүзеге асырылады", - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлердің құқықтарын сақтау мәселелерінде жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы ұжымдық-шарттық қатынастарға баса назар аударылады. Ұжымдық шарттардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарына кепілдік беру.

Қазіргі таңда, Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарының 94,2%-ында ұжымдық шарттар жасалды. Ал өңірлердегі еңбек инспекциясы барлық кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасасу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.


27 қараша 2023, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.