Атырау, 27 қыркүйек 18:20
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Мектептің бас есепшісі бір жылда 46 млн теңге жымқырған

808 просмотра
Фото: freepik.com

Алматыда мектеп қызметкері 1 жылда 46 миллион теңге жымқырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда мектептің бас есепшісі бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады. Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

26 қараша 2023, 08:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.