Атырау, 27 қыркүйек 20:31
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Қажылыққа барушыларды алдап соққан турфирма басшысы ұсталды

896 просмотра
Фото: yandex.ru/maps

Қажылыққа барушыларды алдап соққан турфирма басшысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Тергеу нәтижесі бойынша «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді.

Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды.

22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де мәліметтер жария етілмейді.

25 қараша 2023, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.