Атырау, 27 қыркүйек 20:26
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Шымкентте әйел туысының баласын 3 қабаттан лақтырып жіберді

528 просмотра
видео кадры

Шымкентте әйел туысының баласын 3 қабаттан лақтырып жіберді. Көршілер мен куәгерлер дәрігерлерге баланы терезеден туысының лақтырып жібергенін айтқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, 40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұр.

Оқиға кешкі сағат тоғыз шамасында Иляев көшесіндегі үйде болған. Бала ауыр жағдайда көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

Сонымен бірге, оқиғадан кейін әйелді психидиспансерге жеткізгені белгілі болды.

Оқиғаның қалай болғаны және ата-ананың баланы психикалық ауруы бар туысымен не себепті қалдырғаны әзірге белгісіз.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайды.



24 қараша 2023, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.