Атырау, 27 қыркүйек 20:27
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Қостанай сотының бұрынғы судьясы 9 жылға сотталды

400 просмотра
Фото: ng.kz

Қостанай сотының бұрынғы судьясы Асқар Дарбаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.

«Наша газета» басылымының жазуынша, А. Дарбаев жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

«Облыстық соттың әкімшілік алқасының төрағасы болған Асқар Дарбаевқа кәсіпкер Михаил Корнеевтен 19 миллион теңге көлемінде пара талап етті деген айып тағылды. Судья 2022 жылдың 17 тамызында парамен ұсталды», - делінген хабарламада.

Пара берген делдал ретінде кәсіпкер Елжас Қалқаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

23 қараша 2023, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.