Атырау, 27 қыркүйек 20:24
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Тоқаев ҰҚШҰ жиынына қатысу үшін Минск қаласына барды

311 просмотра
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Минск қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысу үшін Минск қаласына келді», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, ҰҚШҰ әскери-саяси блогы саммитінің негізгі тақырыбы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, ұйым алдында тұрған міндеттер мен одаққа кіретін мемлекеттердің ортақ мүдделері болмақ. Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына Беларусь президенті Александр Лукашенко төрағалық етеді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ 24 қарашада БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады.


23 қараша 2023, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.