Атырау, 27 қыркүйек 20:26
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

«Жақында тергеу амалдары аяқталады»: ІІМ Бишімбаевтың ісі жайлы

504 просмотра
Фото: vlast.kz

Елордадағы «Гастро-орталықта» қылмыс жасалған күні бейнекамера жазбасын өшіргендер анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Бишімбаев ісі бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Астанадағы «Гастро-орталық» директоры, яғни екінші күдікті оның туысы екенін растаймыз. Қазір тергеуге қатысты ешқандай проблема жоқ. Жақын арада тергеу амалдарын аяқтаймыз», - деді Е.Сәденов.

Сәденов гастро-орталықта қылмыс жасалған күні бейнекамера жазбасын өшіргендер анықталғанын айтты.

«Қылмыстық процесс аясында олардың статусы нақтыланды. Өшірілген бүкіл бейнежазба қалпына келтірілді. Кінәлі адамдар мен куәгерлер анықталды. Тергеу аяқталғаннан кейін бейнежазбаны өшірген адамдардың бәрінің аты-жөнін жариялаймыз», - деді министр.

Еске салсақ, экс-министр Қуандық Бишімбаев елордадағы мейрамханада әйелін ұрып өлтірген еді.

23 қараша 2023, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.