Атырау, 27 қыркүйек 20:25
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

491 просмотра
Фото:gov.kz

Мейрамбек Таймерденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот rеңесінің төрағасы Денис Шипп Мемлекет басшысының Таймерденовті қызметінен босату туралы ұсынысын енгізді.

"Сіздердің қарауыңызға Мемлекет басшысы Мейрамбек Таймерденовтің судья лауазымында болуының шекті жасына, яғни 65 жасқа толуына байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді", - деді Денис Шипп.

Ол Мейрамбек Таймерденовтің сот жүйесінде 19 жылдан аса тәжірибесі бар екенін, оның төрт жылдан астамын Жоғарғы Соттың судьясы қызметін атқарғанын айтты.

"Таймерденов төрешілер қауымдастығында беделге ие. Мемлекет басшысының судья лауазымында болуының шекті жасына жетуіне байланысты Таймерденовті Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауыңызды сұраймыз", - деп толықтырды кеңес басшысы.

Сенат депутаттары судьяны қызметінен босату үшін бірауыздан дауыс берді.

23 қараша 2023, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.