Атырау, 27 қыркүйек 22:21
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Ақша бопсалаған: ҰҚК көліктік бақылау қызметкерлеріне қатысты іс қозғады

487 просмотра
видео кадры

ҰҚК көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесу туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК мәліметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады.

Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағандары үшін күдікті болып отыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.

22 қараша 2023, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.