Атырау, 23 шілде 13:05
 дождьВ Атырау +33.4
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Антикор QazaqGaz басшылығының ұсталғаны туралы қауесетке жауап берді

778 рет қаралды
Фото:gov.kz

Әлеуметтік желілерде «QazaqGaz» АҚ қызметкерлері мен басшылығының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Аталған ақпаратқа қатысты Антикор өкілдері түсініктеме берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство хабарлауынша, Антикор QazaqGaz-дың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалануы ықтималдығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты зерделеу және объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ешкім ұсталған жоқ. Ешкімге айып тағылған жоқ», - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

22 қараша 2023, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.