Атырау, 26 қараша 13:33
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Наразылық білдірген әйелдерге ескерту берілді

861 просмотра
Сурет: "Азаттық радиосы"

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қазан айында облыс әкімдігі ғимаратының алдында рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырған төрт әйелге ескерту берді.

Еске салсақ, 2023 жылдың 27 қазанында ондаған әйел облыс әкімдігінің алдына наразылық білдіріп шыққан болатын. Содан кейін олармен облыс әкімі аппаратының басшысы кездесті.

ӘҚБтК-тің 488-бабының 6-бөлігі («Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы») ескерту немесе 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны қарастырады.

Әкімшілік жазаны тағайындау кезінде сот жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді, олардың іс-әрекетіне өкінуі, отбасы жағдайы, әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

Сот қаулысымен әйелдерге ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

22 қараша 2023, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.