Атырау, 11 қараша 12:18
 дождьВ Атырау +4.4
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41

Атырау облысының әкімі Құрманғазы ауданы тұрғындарымен кездесу өткізеді

21 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жұмыс сапарымен Құрманғазы ауданына барады. Сапар бейсенбі, 12 қарашаға жоспарланған.

Сапар аясында өңір басшысы жергілікті тұрғындармен ашық кездесу өткізіп, ауылдықтарды толғандырған сұрақтарға жауап береді.

  • Кездесудің өтетін уақыты мен орны: 12 қараша сағат 11:00-де С. Көшекбаев атындағы аудандық Мәдениет үйінде (Құрманғазы ауылы).

Жалпы кездесу аяқталған бойда, сағат 12:30-да Болат Ақшолақов осы ғимаратта азаматтарды жеке қабылдайды. Аудан тұрғындары облыс басшысына жеке сұрақтары мен мәселелері бойынша жүгіне алады.

Бүгін, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.