Атырау, 11 қараша 11:26
 дождьВ Атырау +2.9
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41

ТҮКШ басқармасының бұрынғы басшысы Атырау әкімінің орынбасары болды

37 рет қаралды
Сурет: Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
Сурет: Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Атырауда қала әкімінің орынбасары лауазымына Айдулат Кенжебеков тағайындалды.

Тиісті өкімге Атырау әкімі Данияр Таханов қол қойды. Шаһар басшысы жаңа орынбасарын таныстыра отырып, оған қала тұрғындарын толғандырып отырған ең өзекті әрі маңызды мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыс орнатуды тапсырды.

Айдулат Кенжебеков туралы не белгілі:

  • 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

  • 2008 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысы Энергетика және ТҮКШ басқармасында бас маманның міндетін атқарушы ретінде бастап, онда басшының орынбасары лауазымына дейін көтерілді (2011–2019 жылдар).

  • 2019 жылдан 2022 жылға дейін Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

  • 2022 жылдың желтоқсанынан бастап осы тағайындауға дейін Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

Бүгін, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.