
Еске сала кетейік, 2026 жылдың маусым айында Мұқасовтың есімі ҰҚК Департаментінің Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тергеген қылмыстық іс туралы жарияланымдарда аталған болатын. Ол кезде «Ақ Жайық» қала басшылығына қатысты тергеу әрекеттері жүріп жатқанын хабарлаған. Бастапқыда Мұқасов пен Атыраудың сол кездегі әкімі Шәкір Кейкиннің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болғанымен, кейіннен екі шенеуніктің де адвокаты бұл мәліметті теріске шығарды. Қорғаушылардың айтуынша, шенеуніктерден жауап алынған, бұл ретте Мұқасовтың қорғалуға құқығы бар куәгер процестік мәртебесі болған.
9 маусымда ҰҚК мән-жайларды ашпастан, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүргізіліп жатқанын растады.
Дегенмен, 13 қазанда «Ақ Жайық» Мұқасов пен бұрынғы әкім Шәкір Кейкинге қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны туралы хабарлады. Адвокат Нұрлан Жолболовтың айтуынша, тергеу олардың алаяқтыққа қатысы жоқ деген қорытындыға келген. Прокуратура қабылданған шешімнің заңдылығын тексеріп, тергеу қорытындысымен келісті.
Бұл ретте басқа екі фигурантқа қатысты тергеу жалғасты. Іс материалдары сотқа тапсыруға дайындалып жатты.
Мейіржан Мұқасов 1994 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013 жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде бастаған. Әр жылдары қалалық және облыстық әкімдіктердің қаржы бөлімшелерінде басшылық лауазымдарды атқарған, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасын басқарған. 2025 жылдың қаңтарында Атырау әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін облыс әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +4.4