Атырау, 27 қыркүйек 22:23
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты әлі бұзбаған

548 просмотра
Сурет: Ulysmedia.kz.

Қазақстан темір жолы компаниясының төрағасы Нұрлан Сауранбаев ұлттық тасымалдаушы Әлия Назарбаеваға тиесілі делінетін Instant Payments ЖШС-мен шартты әлі бұзбағанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, "мәселе ұзаққа созылып кеткен”.

– Бұл мәселе ұзаққа созылып кетті. Сұрақ туындаған кезде, жоғарғы акционер бірден акционерлер қатарынан шықты. Ол жоқ. Бұл – цифрлық жұмыстармен айналысатын адамдар тобы болатын.

Компаниямен келісімшартты қазір де бұзуға болады, бірақ өйтсек біз онлайн-сатылым жасай алмай қаламыз. Бәрін бірден жұлып алып тастау мүмкін емес. Бірақ бүгін де тапсыру актісі бар. Ашық конкурс өтіп жатыр. Компания жеңді. 1 желтоқсанда конкурста жеңіске жеткен жаңа компанияға бәрі тапсырылады, - деді ол.

Экс-президенттің қызы Әлия Назарбаева 2014 жылдан бастап ҚТЖ арқылы ақша тауып келген. Оған Instant Payments ЖШС тиесілі болды. Компания пойыздарға электрондық билеттерді ресімдеу және сатумен айналысқан.

21 қараша 2023, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.