Атырау, 27 қыркүйек 22:17
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Қазақстанда мектептегі буллингке қарсы арнайы бағдарлама әзірленеді

493 просмотра
Фото: freepik.com

Мектептегі буллингке қарсы арнайы бағдарлама әзірленеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Халықаралық зерттеу нәтижесі аясында жасалатын жоба келесі жылы бірнеше мектепте пилоттық режимде іске асырылмақ. Бұл туралы Дүниежүзілік балалар күніне арналған брифингте Оқу-ағару министрінің орынбасары Еділ Оспан айтты. Бұдан бөлек, тамызда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алуға бағытталған кешенді жоспар қабылданғанын жеткізді.

Вице-министр мұны Қазақстан мектептерінде бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шарасы екенін ерекше атап өтті. Жоба шеңберінде елдегі барлық аймақта біртіндеп пихологиялық қолдау орталықтары ашылып жатыр.

20 қараша 2023, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.