Атырау, 27 қыркүйек 22:21
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

612 просмотра
Фото: Freepik.com

Синоптиктер 21-23 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Болжамға сәйкс, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп күтіледі. Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі.

"Кезеңнің аяғына қарай еліміздің батысында ауа температурасының 2-12 аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың шығысында түнде температураның 8-13 аяздан 0-5 жылуға дейін көтерілуі күтіледі, Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді", - делінген хабарламада.

20 қараша 2023, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.