Атырау, 21 желтоқсан 16:20
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Еліміздегі бірқатар өңірде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

690 рет қаралды
Фото: freepik.com

Қазгидромет 19 қарашада бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атап айтсақ, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және батыс жел, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде. Ал Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыс, батыс 15-20 жел, облыстың солтүстігінде, шығысында кейде екпіні 23-28 м/с болады деп болжанып отыр.

Қарағанды облысында көктайғақ күтілуде. Түнде Батыс жел 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында кейде қатты жаңбыр, тұман және солтүстік-батыс жел, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау және Павлодар облыстарында Шығыс, оңтүстік-шығыс желдер, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ, түнде боран болады деп күтілуде. Жел солтүстік-батыс, батыс түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыс, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м / с.

Абай облысында көктайғақ, төменгі боран, тұман мен жел, екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.


19 қараша 2023, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.