Атырау, 28 қыркүйек 00:21
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Artsport» бағдарламасын іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқырған – прокуратура

808 просмотра
Сурет: bizmedia.kz

Алматы прокурорлары «Artsport» бағдарламасын іске асыру барысында болған бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

««Artsport» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер орын алды.
Алматы облысының прокуратурасы жеткізушілердің бірінің тарапынан бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Жүйенің кемшілігі футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген», - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша осы жылдың 30 мамырында аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

«Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Сонымен қатар спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.

Жекелеген жеткізушілер «Артспорт» жұмыс істеп тұрған кезеңінде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған.

Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. (айыппұлдар төленді).

17 қараша 2023, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.