Атырау, 23 желтоқсан 13:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Тоқаев Самұрық-Қазына қорын басқару жөніндегі кеңесті таратты

979 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорды басқару жөніндегі кеңесті тарату мәселесіне қатысты Қор туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Самұрық-Қазына қорының баспасөз қызметі. 

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында 6-1-бап («Қорды басқару жөніндегі кеңес») алынып тасталсын», - делінген құжатта. 

Қорды басқару жөніндегі кеңес – міндетіне Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіретін консультативтік-кеңесші орган. Естеріңізге сала кетсек, сол кеңесті тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарған болатын. 

16 қараша 2023, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.