Атырау, 28 қыркүйек 00:26
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Бишімбаев ісінде неге тергеушілер қайта-қайта ауысып жатыр

790 просмотра
Сурет: tengrinews.kz

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысының кулуарында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ондай мәлімет жариялауға жатпайды. Бірінші күні оқиға орнына кезекші тергеу тобы жіберіледі. Ертеңінде тергеу басқа маманға тапсырылуы мүмкін. Сондықтан осындай мәлімет тарап жатқан шығар.Қайталап айматын. Бірінші күні оқиға орнына арнайы топ шығады. Одан кейін (іс) арнайы бір адамға тапсырылады. Оның жанында тағы тергеушілер болады. (Қылмыстық істі) жалғыз бір адам тергемейді, топ болып тергеуі мүмкін», - деді Қожаев.

Ол атағандай, сот медициналық сараптамасы әдетте бір ай жүргізіледі.

«Өздеріңіз естіп жатырсыздар, бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Соның нәтижесінде кім қандай жауапқа тартылады, (оның кінәсі) анықталады.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қанша тергеуші ауысқанын айтпады.

«Қазір сізге оны айта алмаймын, қанша тергеуші ауысқанын», - деді ол.

16 қараша 2023, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.