Атырау, 28 қыркүйек 00:21
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

645 просмотра

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «ӨзенМұнайГаз» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Тергеу барысында «ӨМГ» АҚ бас директоры орынбасары Б.Мамбетсапаевтың әрекеті іс жүзінде жұмыс істемейтін және негізсіз жалақы алған таныстарын жалған жұмысқа тарту арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану деп сараланды.

«ӨМГ» АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары Е.Карамурзаевқа ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы, сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды. Келтірілген шығын көлемі 623 млн теңге.  

Сонымен қатар, алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 млн теңгені жымқырып, талан-таражға салған «ӨМГ» АҚ мұнай-газ өндіру басқармасы директоры мен жеткізушіге айып тағылды.

Барлық қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

16 қараша 2023, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.