Атырау, 28 қыркүйек 02:27
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Оралда белгілі кәсіпкер адам қолынан қаза тапты

590 просмотра
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде Оралда кәсіпкер аяусыз соққыға жығылып, қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, 11 қарашада сағат 10:05-те Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға 1969 жылы туған азамат жеткізілген. Алайда жәбірленуші алған түрлі жарақаттары салдарынан ауруханада жан тапсырған. Мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жолданыпты.

"Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының және Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, қолға түсірді", - делінген хабарламада.

Ол бұрын сотталмаған, Орал қаласының 1981 туған тұрғыны екені анықталды. Күдікті Орал қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.


15 қараша 2023, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.