Атырау, 28 қыркүйек 02:34
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда 117 жойғыш ұшақ жойылады

568 просмотра
Фото: pixabay.com. МиГ- 23

Қазақстанда 117 жойғыш ұшақ жойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін аукционға 117 ұшақ қойылған болатын. Қазақстандықтарды сатылымдағы жойғыш ұшақтар көрсетілген ерекше лот қызықтырды. Министрлік ұшақтардың сатылуын түсіндірді.

"Көрсетілген 117 авиатехника (МиГ-23УБ, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31, Су-24МР) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес пайдаланылмайтын мүлік тізбесіне енгізілген және оны Қазақстан Республикасының аумағында кесу әдісімен кәдеге жарату арқылы жою шартымен электрондық сауда-саттықта (тендерлерде) оны жоюдың міндетті шартымен өткізуге жатады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қойылған мүлік, өзінің техникалық жай-күйі мен пайдалану мерзімінің түрі мен мақсаты бойынша әрі қарай пайдалануға жарамсыз және үшінші тұлғалардың пайдалануын болғызбау мақсатында кәдеге жарату (кесу және т.б.) жолымен жоюға жатады.

15 қараша 2023, 08:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.