Атырау, 28 қыркүйек 02:27
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда ауа райы қандай болады?

544 просмотра
фото: freepik.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 15 қарашада Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.

Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.


15 қараша 2023, 08:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.