Атырау, 28 қыркүйек 02:26
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қарағандыда мектеп оқушысы сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен

696 просмотра
Фото: freepik.com

Қарағандыда мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 39 жастағы әйел адам полицияға шағымданған.

«Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері хатты жазған адам анықталды.

«Хат иесі арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені анықталды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту сұрақтары қарастырылы жатыр.

14 қараша 2023, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.