Атырау, 28 қыркүйек 02:27
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау басталды

600 просмотра

Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау бүгін басталатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«13 қарашада 44 азаматтан тұратын бірінші топты эвакуациялау жоспарланған. Бұл топқа Қазақстанның 40 азаматы кіреді, 4 адам олардың шетелдік отбасы мүшесі. Біздің елден басқа эвакуация жасап жатқан 9 елдің өкілі бар. Олар: Ресей, АҚШ, Йордания, Испания, Швеция,Ресей, Перу, Марокко. Барлығы 594 адамды «Рафак» бекетінен өткізу жоспарланған», - деді Смадияров.

Ол атағандай, өткізу пунктінен кейін қазақстандықтар Каирге автокөлікпен барып, қонақүйге жеткізіледі. Кейін елге жеткізіледі.

«Қазіргі таңда қазақстандық дипломаттар Каирден «Рафак» пунктіне жетуі керек. Бір сағат ішінде сол жерге барады. Мысыр мен Газа секторының билігімен бірлесіп, тізімдерді тексереді. Газа секторынан 44 азаматты бүгін күн батқанша шығаруды жоспарлап отыр», - деді Смадияров.

Осыған дейін Газа секторында 76 қазақстандық болғаны айтылған еді.

13 қараша 2023, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.