Атырау, 28 қыркүйек 02:22
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

​Қазақстанда жүргізушілерге жазғы дөңгелекпен жүргені үшін айыппұл қашан салынады

735 просмотра

Алматы қалалық Полиция департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек 13 қарашада өткен брифингіде көлік иелеріне жазғы дөңгелек үшін айыппұл қашан салына бастайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, 1 желтоқсанға дейін барлық көлік иесі көлігін қысқа дайындауы керек.



"Заңға сай, 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік жүргізушілері көліктерінің қысқы доңғалақтарының болуын қадағалап отыруға тиіс. Олай болмаса, полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, бұзушылықтар жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі.

Ол ең төменгі айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болатынын айтты. Жүргізуші бір жылда қайталап тәртіп бұзса, айыппұл 10 АЕК (34 500 теңге) болады.

13 қараша 2023, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.