Атырау, 28 қыркүйек 02:27
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда биыл 41 гидротехникалық құрылыс реконструкциядан өтті

592 просмотра
Сурет: ortcom.kz

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан және Қызылорда облыстарында шекара маңындағы өзендер мен Сырдария өзеніндегі суды есепке алу жүйелерін автоматтандыру жоспары әзірп жатыр. Кейін ақпараттық ситуациялық орталық базасында бірыңғай диспетчерлік пункт ұйымдастырылатын болады. Бұл су ресурстарын дұрыс есепке алуға, тұтынуды бақылауға және жалпы су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Тиісті жұмыстар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

2023 жылы 41 гидротехникалық құрылыс реконструкциядан өтті. Шығыс Қазақстан облысындағы Чар және Түркістан облысындағы Шардара су қоймаларында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл құрғақшылық кезінде пайдалану үшін суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Министрлік озық технологияларды енгізу және өз жобаларына қолдау табу үшін су ресурстарын цифрландыру және автоматтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылармен, соның ішінде Австралия мен Германиядағы компаниялармен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар су шаруашылығы нысандарының жай-күйін үздіксіз қадағалайтын ситуациялық ақпараттық орталық құру бойынша жұмыс қолға алынды. Бұл шешім қабылдау және өзгерістерге жедел әрекет ету үшін өзекті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Осы ақпараттық орталықта гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйі және су ресурстарының барлық параметрлерін есепке алу бойынша деректер жинақталады.

13 қараша 2023, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.