Атырау, 28 қыркүйек 02:27
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Алматы облысындағы медицина мекемесінде ​2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды​

Бейнежазба
496 просмотра

Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды көрінеу жалған сатып алған, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі. 

ҚМА аумақтық Департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізуде.

Айта кетейік, медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілді.

2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.


13 қараша 2023, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.