Атырау, 26 қараша 15:36
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қайрат Оразбаев алаяқтық жасады деп айыпталуда

1 626 просмотра

9 қарашада Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты Атырау облысының прокуратурасы растады. 

Олардың мәліметі бойынша, қазіргі уақытта «Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қала аумағындағы жер учаскелерін заңсыз бөлу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды».

Кезінде Қ.Оразбаев «AМӨЗ» ЖШС бас директоры болды. 2020 жылдың 17 қаңтарынан 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін әкім болған оның да, оның әріптесі, мұнай өнеркәсібі саласынан келген сол кездегі облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТІҢ де өңірге басшы болған мерзімі пандемиямен тұспа тұс келді. Айта кетейік, Оразбаевты жекелеген атыраулық блогерлер жақсы көреді, олармен достық кездесулерді жиі ұйымдастырып тұрды. Қайрат Құлымұлы қала тұрғындарының есінде көгалдандырушы ретінде қалды, оны әлі күнге дейін «жасыл» әкім деп атайды. Ол Атырауда суару жүйесін орнату сияқты ірі жобаны жасады. Ол өзі берген өтініш негізінде Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Алайда, оның мансап жолындағы үлкен кемшілігі – қаңтар оқиғасы кезінде оның болмағаны жергілікті тұрғындарды қатты ренжітті. Кейін оның демалыста, одан соң сырқаттануына байланысты демалыс алғаны (бұл әдетте жиі болатын) белгілі болды. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Атырау облысының прокуратурасы алаяқтық дерегі бойынша Атырау қалалық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 2020-2022 жылдар кезеңінде олардың жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер телімдерін заңсыз бергені анықталды.

9 қарашада ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен тергеу шеңберінде Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды. Қазіргі уақытта ол Атырау қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айнұр САПАРОВА

10 қараша 2023, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.