Әрине, қаңтардың ауыр күндерінде Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВТЫҢ жұмыс орнында болмауы да назардан тыс қалмады. Қала тұрғындары: «Атырауда осындай оқиғалар болып жатқан кезде оның жоқ болуына қандай дәлелді себептері болуы мүмкін?» - деп орынды сұрақ қояды.
«АЖ» бұл сауалды қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам ҒҰМАРҒА жолдады.
Оның айтуынша, Атырау әкімі 31 желтоқсанда еңбек демалысына шыққан, бірақ 10 қаңтарда кері шақырылған. Ал келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық күнін алған. Жұмысқа қашан келетіні әзірге белгісіз.
Еске салсақ, өткен жылдың жазында әлеуметтік желіде қала әкім ауысады, оның орнына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов болады деген ақпарат пайда болған еді. Бірақ бұл расталмады. Айтпақшы, сол күндері де Қ.Оразбаев еңбекке жарамсыздық демалысында болған.
Айнұр САПАРОВА