Атырау, 26 қараша 17:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Өкпелі күйде кетіп бара жатқан жоқпын»: Қайрат Оразбаев атыраулықтарға үн қатты

2 154 просмотра
Фото: facebook.com/K.Urazbayev 

Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев қала тұрғындарына  «соңғы оқиғаларға байланысты» қызметінен кеткенін айтты.

"Құрметті Атырау қаласының тұрғындары! Қадірменді жерлестер!

Өздеріңізге белгілі соңғы болып жатырған жағдайларға байланысты Атырау қаласы әкімі лауазымынан өз еркіммен босату туралы өтініш берген болатынмын. Өтініш қанағаттандырылып, бүгінгі күннен бастап қала әкімі лауазымынан босатылдым.
Осы екі жыл Атырау қаласы әкімдігі ұжымы және қоғаммен қызмет атқару кезінде біраз тәжірибе жинақтап, үйренгенім көп болды.

Әсіресе қарапайым мұқтаж тұрғындардың, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылардың алдыма қойған мәселелерінің шешілуіне қолымнан келгенінше көмек көрсетуге баса назар аудардым.

Елге келген нәубет пандемия да өзінің ауртпашылығын көрсетті. Бұл кезеңде де қала әкімдігі, еріктілер және қоғам жанашыларымен белсене тиісті жұмыстар атқарылды.

Осы екі жыл ішінде қала бюджеті өте төмен болып, жұмысты жолға қоюға айтарлықтай әсер етті. Бұл ретте, осыған дейін жасалған құрылыс нысандары және инфрақұрылым сапасы шынайы сын көтермеді.

Осыған орай, қалалық әкімдіктің ұжымы жоғары деңгейде қызмет етті. Кейде мүмкін емес жұмыстарды да атқарды.
Осы жылдар кезінде,  арнайы Азаматтық белсенділердің ашық ұстанымы мен нақты талаптарының айқындылығына және түсініктеріне ерекше алғысымды білдіремін.

Мен бұл қызметтен ауыр жағдайда немесе өкпелі күйде кетуде емеспін. 

Атырау - менің сүйікті қалам! Жерлестерімді ерекше ықыласпен  сыйлап, әрдайым құрметтеймін.

Барлықтарыңызға жақсылықтар тілей отырып, жарқын күндерде кездескенше", - деп жазды Оразбаев Facebook-тегі парақшасында.

Естеріңізге салсақ, бүгін облыс әкімінің баспасөз қызметі облыс әкімінің 14 қаңтардағы өкімімен Қайрат Оразбаев Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылғанын хабарлаған еді. Қазіргі таңда қала әкімінің міндетін қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқаруда.

Бұдан бұрын "АЖ" Атырау әкімі 31 желтоқсанда еңбек демалысына шыққанын, бірақ 10 қаңтарда кері шақырылғанын, ал келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық күнін алғанын хабарлады. Сол кезде жұмысқа қашан шығатыны белгісіз болды.

16 қаңтар 2022, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.