Атырау, 28 қыркүйек 04:16
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Жалақы артық төленген: БҚО-да ауыл мектебі мемлекетке 57 млн теңге қарыз болып шықты

969 просмотра
фото: azh.kz/ Елена Сүндетова

Батыс Қазақстан облысындағы Серебряково ауылының мұғалімдері мемлекетке 57 миллион теңге қарыз болып шықты. Оқытушылар мұнша мол ақшаны өңі түгілі, түсімізде көрмедік дейді. Ал білім саласына жауапты шенеуніктер бұл ұжымға айлығының асыра төленгенін айтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды.

Қазір бұл іспен экономикалық тергеу басқармасы айналысып жатыр. Тергеу барысында мұғалімдер ғана емес, 72 адамнан тұратын мектеп ұжымының түгел берешек екені анықталды. Олардың ішінде күзетші, еден жуушы секілді кіші қызметкерлер де бар.

«Жайсыз хабарлама болды, әрине. Себебі біз бір жалақыны ай сайын аламыз ғой. Артық ақша түскенін байқаған жоқпыз. Қынжылтатыны бізді - бухгалтерге барып сұрағанда ол бізге қолмен жазып беретін. Қолмен жазып бергесін біз сол сумманы аламыз да жүре береміз. Қағазға жазып берді бізге осындай сумма аласыз деп. Расчетный листті қазір біздер электронный вариантын алып жүрміз ғой. Бұрынғы кезде осылай болды. Мүмкін сол жерден қате кетті ме, нақты білмейміз қайдан кеткенін», - деді Круглоозерное орта мектебінің мұғалімі Ғалия Жаңабаева.

Білім саласы шенеуніктерінің айтуынша, артық ақша былтырғы оқу жылында төленіпті. Тіпті мектеп қызметкерлерінің атына басқа банктерден есеп шот ашылғаны анықталған. Қазір даулы мектептің есепшісі де, мектеп директоры да ауысқан. Ал қазіргі басшысы іс әділ жүргізілуі үшін тәуелсіз аудитке жүгінгенін айтады. Ал мұғалімдер соттасамыз деп отыр. Әйтпесе «алмаған айлығын» төлеуге тура келмек.

«Бухгалтер аударған. Бірақ сол сағаттар әлі өтелмеген. Бұл жерде директор тексермеген деп ойлаймыз. Бұл бұзушылықтарды жасаған бухгалтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оның нәтижесін, сот шешімін күтеміз. Нақты сомасы белгіленгеннен кейін тағы бір жиналыс өткізіп, ескертуді қолдарына береміз», - деді БҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Клара Меңдіғалиева.

10 қараша 2023, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.