Атырау, 28 қыркүйек 04:22
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Сотталғандарды қорлау оқиғасы: ҚАЖД желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

997 просмотра
видео кадры

Қарағанды облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері сотталғандарды қорлау дерегі түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіде тараған видеокадрларда тұтқындардың іш киіммен едендегі төгілген суды жанталаса шүберекпен сүртіп жатқан сәтін көруге болады. Жазба авторлары бұл оқиға Қарағанды облысы Долинка ауылындағы №31 мекемеде болғанын алға тартады.

Облыстық ҚАЖД видеоның ертеректе түсірілгенін мәлімдеді.

«Аталған дерек бұрын болған. Қызметтік тексеру жүргізіліп, қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Жалған ақпараттың таралуына жол бермес үшін құқық қорғау ұйымдарының өкілдері мекемені тексерді. Сонымен қатар тексеріс қорытындысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы сотталғандардың туыстарымен кездесу өткізді», - деді Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД басшысы Бекболат Шәкіров.

Ол бүгінде колониядағы жағдай тұрақты және қылмыстық атқару жүйесі басшылығының бақылауында екенін айтты.

9 қараша 2023, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.