Атырау, 28 қыркүйек 04:24
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«ЕАЭО әлеуеті 600 млн адамды асырай алады»: Тоқаев әлемде 830 млн адам аш екенін айтты

586 просмотра
Фото: ria.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында өткен форумда Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қазақстан мен Ресей – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ірі өндірушілер. Олар бидай экспорты бойынша әлемдік 10 көшбасшының қатарына кіреді. Біздің елдердің үлесіне әлемдік жерлердің 10 пайызы мен жайылымдардың 9 пайызы тиесілі. Соңғы уақытта жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне климаттың өзгеруі мен саяси-экономикалық тұрақсыздық пен жеткізулердің халықаралық тізбегінің бұзылуы әсер етіп отыр. Әлемде ашаршылықтағы  және азық-түлікке мұқтаж адамдар саны 830 млн адамға жетті»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент атағандай, бұл орайда БҰҰ 2050 жылға қарай әлемде халық саны тағы 2 млрд-қа артады деп болжап отыр.

«Сарапшылардың бағалауынша, ЕАЭО елдерінің экспорттық ресурстық әлеуеті 600 млн адамды асырай алады. Бұл болжамдарды әбден шынайы деп айтуға болады. Тек Қазақстанда соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығындағы ІЖӨ екі есеге өсті. Ауыл шаруашылығының экспорты екі есеге артып, 6 млрд долларға жетті. Біздің ауылшаруашылық өнімі әлемнің 80 еліне жеткізіледі. Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінде Қазақстан 113 елдің ішінен 32-орын алды. Осылайша, біз АӨК-ні кезеңдеп дамытып жатырмыз», - деді Тоқаев.

9 қараша 2023, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.