Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Тұман және жел: Қазақстанда ауа райы қандай болады?

824 рет қаралды
фото: azh.kz/Елена Сүндетова

Барикалық алқаптардың тез өзгеруіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райының тұрақсыз сипаты сақталуда, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, қатты жаңбыр 9 қарашада оңтүстікте, 10 қарашада батыста, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада еліміздің шығысында болады деп күтілуде.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ күтіледі. 

Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнгі сағаттарда ауа температурасы түнде 2 аяз – 3 жылыға дейін, таулы аудандарда 5-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

8 қараша 2023, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.