Атырау, 28 қыркүйек 04:17
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Алматы апорты Қазақстанның бренді ретінде тіркелді - министр

630 просмотра
Фото: каzgazeta.kz

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Үкіметтен кейінгі өткен брифингте Алматының апорты Қазақстан бренді ретінде тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Апорт бойынша Қазақстанға географиялық көрсеткішті тіркегенімізді қуана хабарлаймын. Оның Алматыда, Қазақстанда шыққанын географиялық тұрғыда көрсетіп, бекіттік. Бұл жұмыс 2023 жылдың 13 қазанында істелді. Қазір апортты халықаралық бренд ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол үшін құзырлы қауымдастық Франция, Польша секілді дамыған елдерге жергілікті алманы экспорттау үшін материалдарды жеткізіп жатыр», - деді Есқараев.

Еске салайық. Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының алмасы әлемге танымал ұлттық брендке айналуы керегі жайлы айтқан еді.

7 қараша 2023, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.