Атырау, 28 қыркүйек 04:26
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде интим қызмет көрсетілген

1 207 просмотра
КТК/видео кадры

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде ұялы телефон пайдалануға, туған күнін ішімдік ішіп тойлауға заңсыз мүмкіндік берілген. Сонымен қатар, кәсіпкерге интим қызмет көрсетілуі үшін де ақы төленіпті. Бұл туралы Қайрат Боранбаевтың жиені Әбілхан Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдарында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Боранбаевтың жиені пара бергеннен кейін кәсіпкер заңсыз сыйлықтар алған. Ал осы жағдайдан кейін Әбілхан Боранбаев 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Яғни ол ағасына сыйлықтар жасап, тіпті интим қызметқе ақы төлеген.

"2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 20:40-та Қ.С. Боранбаевты ҚМА ғимаратынан тергеу изоляторына апару кезінде жол жүру бағытынан ауытқып, пара беруші Боранбаевтың пайдасына заңсыз іс-әрекеттер жасалып, Астана қаласы Алаш тасжолында орналасқан "Нұр" кафесінің маңына тоқтаған. Боранбаевқа интим қызмет көрсетушімен кездесуге, туған күнін ішімдік ішіп атап өтуге мүмкіндік жасалған. Куәгер Ә.Т. Боранбаев кешкі уақытта Қ.С. Боранбаевпен кездесу ұйымдастырғанын мәлімдеді. Олар қара түсті джипте кездескен. Ол ақшалай сыйақы үшін интим қызмет көрсеткен", - делінген қылмыстық іс материалында.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққаны хабарланды. Ал оның алдында Қайрат Боранбаевтың туысы Әбілхан Боранбаев пара бергені үшін сотталды.


7 қараша 2023, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.