Атырау, 28 қыркүйек 06:20
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

​Медициналық сақтандыру қорының жұмысын қамтамасыз етуге 8,5 млрд теңге​ жұмсалды

538 просмотра

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өзінің биылғы 9 айдағы жұмысының ашық есебін жариялады. 

Осылайша биылғы 9 айда Қордың Ұлттық Банктегі шоттарына МӘМС-ке арналған жарналар мен аударымдар түрінде 884,8 млрд теңге түсті. Оның 37,5%-ын жұмыс берушілер төлесе, 33,3%-ын 15 санаттағы азаматтардың сақтандыруын қамтамасыз ететін мемлекет төледі, ал 29,1%-ы жұмыскерлер, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі төлеушілерге тиесілі.

Осы жылдың 9 айында медициналық ұйымдар көрсеткен қызметтер үшін Қор МӘМС бойынша түскен 884,8 млрд теңгенің 686 млрд теңгесін төледі (бұл тамыз айының соңындағы жағдай бойынша көрсетілген қызметтер). ТМККК бойынша – 1,067 трлн теңге. Осылайша, 9 ай ішінде пациенттерге көрсетілген қызметтер үшін медициналық ұйымдар Қор арқылы 1,75 трлн теңге қаражат алды. Оның басым бөлігі – стационарлық, емханалық және әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша қызметтер. Сонда 12,5 млн адамға 1,75 трлн теңгеге 200,6 млн медициналық қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша ӘМСҚ және оның 20 филиалдарының жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалған қаражат мөлшері 8,5 млрд теңгені немесе 0,96%-ды құрады.    

7 қараша 2023, 08:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.